
«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим мен команда қорғаушысы Диогу Далоттың алыс туыстар екені белгілі болды. Бұл қызықты ақпаратты Geneall генеалогиялық порталына сүйеніп «Английский акцент» басылымы жариялады.
Ақпаратқа сәйкес, бапкер мен футболшы екеуі де XIX ғасырда өмір сүрген француз Карлос Далоттың ұрпақтары болып табылады. Карлос Далот цирк әртісі болған, өз бауырларымен бірге Еуропа бойынша гастрольдік сапарларға қатысқан және кейінірек Португалияға қоныс аударған.
Сонымен қатар, Диогу Далот бұрын өз ата-бабалары цирк әртістері болғанын және өткенде Брага қаласына көшіп келгенін растаған еді. Дәл осы Брага қаласында Диогу Далот туған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар