
Соңғы күндері Испания баспасөзінде Ханс-Дитер Флик маусым соңында "Барселона" бас бапкерлігінен кеткісі келетіні туралы хабарлар тарады. Бұл ақпаратты журналист Флориан Плеттенберг жоққа шығарды.
Дереккөз мәліметінше, неміс маманы "көк-гранаттылар" сапындағы қызметіне риза және клубтан кетуді жоспарлап отырған жоқ. Флик 2024 жылдың мамыр айынан бері "Барселонаны" басқарып келеді.
Өткен маусымда ол каталондықтарға Ла Лига мен Испания Кубогын жеңуге көмектесті. Биылғы маусымда Фликтің командасы 11 турда 25 ұпай жинап, "Реалдан" кейін екінші орында келеді.
Бүгін, 5-қараша күні "Барселона" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің төртінші турында сырт алаңда "Брюгге" командасымен кездесу өткізеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар