date

Arsenal және Saka жаңа келісімшартқа келісті


Лондонның "Арсенал" клубы өзiнiң жетекшi футболшыларының бірі, вингер Букайо Сакамен келісімшартты ұзарту туралы ауызша келісімге келді. Transfer News Live дерегiне сәйкес, танымал журналист Саша Тавольеридің мәліметіне сүйенсек, Сакаға жаңа келісімшарт аясында жылына шамамен 12,5 миллион фунт стерлинг жалақы төленеді.

Бұл — қазіргі курс бойынша шамамен 14,2 миллион еуроға тең. Букайо Сака "Арсенал" сапында 276 ресми матчқа қатысып, 75 гол соққан және командаластарына 71 голдық пас берген.

"Арсеналдың" келесі ойыны сенбі, 8-қараша күні Премьер-Лига аясында сырт алаңда "Сандерлендке" қарсы өтеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Arsenal және Saka жаңа келісімшартқа келісті