
ПСЖ қорғаушысы Ашраф Хакими Чемпиондар Лигасы аясында "Баварияға" қарсы өткен ойында жарақат алды. Хакими ойында Луис Диастың қатты қимылы салдарынан алаңда жарақаттанды.
Ауыруы соншалық қатты болды, марокколық футболшы көз жасын тия алмады. L'Equipe басылымының хабарлауынша, Хакими Африка Кубогында Марокко құрамасы сапында қатысу мүмкіндігін сақтап отыр.
Бұл жұлдызды футболшының қалпына келу үдерісіне байланысты болады. Бірақ анық нәрсе, ең аз дегенде қалпына келу мерзімі алты апта болады.
Еске сала кетейік, Африка Кубогы 21 желтоқсан күні басталады. Сондай-ақ, "ПСЖ" Чемпиондар Лигасы ойынында "Бавариядан" 1:2 есебімен жеңілді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар