
18 жастағы "Челси" вингері Эстевао Виллиан Чемпиондар Лигасы тобының төртінші турында "Қарабақтың" қақпасына гол соғып, рекорд орнатты. Ол кездесудің 16-минутында есеп ашты және ойын соңында кездесудің ең үздік футболшысы жүлдесін жеңіп алды.
Squawka мәліметі бойынша, Эстевао Чемпиондар Лигасында 18 жас немесе одан кіші жасында қатарынан екі ойында гол соққан бірінші Оңтүстік Америка футболшысына айналды. Бұған дейінгі ойында ол Амстердамның "Аякс" командасының қақпасына да гол соққан болатын.
Эстевао биыл жазда Бразилияның "Палмейрас" клубынан "Челси"ге 45 миллион еуроға ауысқан еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар