date

Де Йонг: Еуропаның ең жақсы командасы емеспіз

Де Йонг: Еуропаның ең жақсы командасы емеспіз
“Барселона” жартылай қорғаушысы Френки де Йонг Чемпиондар лигасы аясында “Брюгге”мен 3:3 есебімен тең ойнағаннан кейін өз пікірін білдірді. “Біз бұл ойында жеңіске жетуіміз керек еді.

Жақсырақ ойнауымыз қажет еді. Көп нәрсені түзетуіміз керектігін түсінеміз және соған жұмыс жасап жатырмыз, бірақ бүгін оны көрсете алмадық.

Қорғаныстағы бақылау мен орналасу мәселесіне байланысты қарсы шабуылдарда әлсіздігіміз байқалды. Өткен маусымды ұмыту керек.

Ол кезде де Еуропаның ең үздік командасы болмағанбыз. Чемпиондар Лигасында жеңіске жете алмадық және көп гол жібердік.

Барлығы тек жіберілген голдарда емес, бірақ үш гол жіберсең, жеңіске жету қиын…” – деді де Йонг Movistar-ға берген сұхбатында. “Барселона” келесі кездесуін 9 қараша күні Ла Лигада “Сельтаға” қарсы өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Де Йонг: Еуропаның ең жақсы командасы емеспіз