
Дортмундтың "Боруссия" клубының бас бапкері Нико Ковач Чемпиондар лигасы аясында "Манчестер Сити"ге қарсы өткен ойындағы (1:4) жеңілісті түсіндірді. "Қалалықтар" әр екі таймда да екі голдан соқты.
Голдарды Фил Фоден (дубль), Эрлинг Холанд және Райан Шерки салды. Қонақтар сапындағы жалғыз голды Вальдемар Антон енгізді.
"Біз "Манчестер Сити"-дің қаншалықты мықты екенін көрдік. Алғашқы 15 минутта жақсы ойнадық, допқа ие болып, ойынды бақыладық.
Бірақ кейін қарсылас қарқынды арттырып, өз шеберлігін көрсетті. Мұндай ойындарда қателікке жол беруге болмайды.
Дегенмен, бұл біз үшін маңызды тәжірибе болды – көп нәрсе үйрендік. "Манчестер Сити"-ді құттықтаудан басқа амал жоқ.
Бұл команда ең жоғарғы деңгейге ие. Олар өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды, ал біз пайдалана алмадық.
Айырмашылық дәл осыда еді", – деді Ковач УЕФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында. "Боруссия" Чемпиондар лигасының жалпы турнирлік кестесінде 7 ұпаймен 14-орында тұр.
Ковач: «Манчестер Сити»дің күшін көрдік
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар