
Манчестер Юнайтед клубының вингері Джейдон Санчо қазірде Астон Вилла құрамында жалға ойнап жүр, алайда келесі жылы ол шетел чемпионатына ауысуы мүмкін. "Қызыл шайтандар" 25 жастағы футболшыға сенім білдірмей отыр, бұл туралы түрлі дереккөздер бірнеше рет хабарлаған.
Астон Вилла да оның жалдағы сәтсіз ойындарына байланысты футболшыны сатып алуға қызықпайтыны айтылуда. Журналист Екрем Конурдың мәліметінше, Санчоның жағдайын Италия клубтары – Ювентус пен Рома, сондай-ақ MLS өкілдері мұқият бақылап отыр.
Джейдон Санчо өткен жазда-ақ А Серияға ауысуы мүмкін еді. Ювентус пен Рома клубқа қызығушылық танытқанымен, қаржылық шарттар оларды қанағаттандырмаған.
Алайда 2026 жылдың жазында Санчо бос агентке айналады және оны алу әлдеқайда жеңілдейді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар