date

Саа Санчоны «Манчестер Юнайтед» тарихындағы ең сәтсіз сатып алу деп атады

Луи Саа Санчоны «Манчестер Юнайтед» тарихындағы ең сәтсіз трансфер деп атады

Бұрынғы шабуылшы Луи Саа Джейдон Санчоны «Манчестер Юнайтед» тарихындағы ең сәтсіз трансфер деп атады. Оның пікірінше, 73 миллион фунт стерлингке сатып алынған футболшының өз деңгейін көрсете алмауы әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр.

Бұл туралы Goal.com хабарлады.

Санчо 2021 жылы «Боруссия Дортмунд» клубынан үлкен үмітпен сатып алынған еді. Англиялық вингер Германияда Еуропаның ең үздік шабуылшыларының біріне айналғанымен, Премьер-лигада бұл деңгейін қайталай алмады.


Ол «Манчестер Юнайтед» сапында 83 ойынға қатысып, небәрі 12 гол соқты. Бұрынғы бапкер Эрик тен Хагпен арадағы ашық кикілжіңнен кейін ол «Боруссия Дортмунд», «Челси» және «Астон Вилла» сияқты командаларға жалға берілді.

Луи Саа Санчоның өз талантын толықтай жоғалтып жатқанын атап өтті. Бұрынғы футболшы оның «Олд Траффордта» табысқа жетуін қалағанын, алайда қазіргі жағдайы өкінішті екенін айтты.

Қазіргі таңда 26 жастағы вингер «Астон Вилла» сапында жалда ойнап жүр және барлық турнирлерде 36 ойында бір ғана гол соқты. Оның «Манчестер Юнайтедпен» келісімшарты жазда аяқталады және клуб оны еркін агент ретінде жібереді деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Саа Санчоны «Манчестер Юнайтед» тарихындағы ең сәтсіз сатып алу деп атады