date

Adidas 2026 жылғы ӘЧ футболкаларын таныстырды


Adidas компаниясы 2026 жылғы Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған 23 ұлттық құрамаға арналған арнайы футболкаларды ұсынды. Дизайн жасау барысында тарихи мотивтерге ерекше мән берілген.

Турнирді бұрынғы жылдары жеңіп алған елдердің жетістіктері жаңа футболкаларда көрініс тапқан. Мысалы, қазіргі чемпион Аргентина құрамасының үш мәрте Әлем чемпионы болғандығы Adidas-тың үш жолақты дизайнымен үйлескен.

Сонымен қатар, Аргентина футбол қауымдастығының (AFA) 130 жылдығы да ұмыт қалмады — AFA-ның құрылған жылы (1896) футболкаларда көрсетіледі. Еске сала кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 11 маусымнан 19 шілдеге дейін өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Adidas 2026 жылғы ӘЧ футболкаларын таныстырды