date

2025 жылдың ең үздік қақпашысы атағына үміткерлер жарияланды


FIFA тарапынан берілетін The Best жүлдесінің 2025 жылға арналған "Ең үздік қақпашы" номинациясына үміткерлер жарияланды. Жүлде үшін сегіз қақпашы таласады.

Төменде үміткерлер тізімі келтірілген: Алиссон ("Ливерпуль"), Тибо Куртуа ("Реал"), Джанлуиджи Доннарумма ("Манчестер Сити"), Эмилиано Мартинес ("Астон Вилла"), Мануэль Нойер ("Бавария"), Давид Райя ("Арсенал"), Янн Зоммер ("Интер"), Войцех Щенсны ("Барселона"). Айта кету керек, Эмилиано Мартинес тағы да номинацияға енді.

Аргентиналық қақпашы 2022 және 2024 жылдары бұл жүлдені жеңіп алған болатын. Сонымен қатар, қыркүйек айында "Алтын доп" жүлдесі аясында өткен маусымның ең үздік қақпашысы ретінде Джанлуиджи Доннарумма танылған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » 2025 жылдың ең үздік қақпашысы атағына үміткерлер жарияланды