date

Рубен Аморим Коби Майнудың аз ойнау себебін түсіндірді


«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим жартылай қорғаушы Коби Мэйну туралы өз пікірін білдірді. 20 жасар футболшы осы маусымда тек бір рет негізгі құрамда алаңға шықты – бұл Лига кубогы аясындағы «Гримсби» командасына қарсы ойында болды және команда бұл кездесуде жеңіліске ұшыраған еді.

«Мен Мэйнудің қалай жаттығып жүргенін көріп жүрмін әрі шынымен де ойнауға лайық екенін білемін. Алайда, оны алаңға шығару үшін негізгі құрамдағы тағы бір жартылай қорғаушыны алып тастауға тура келеді, бірақ олар өте мықты ойын көрсетіп жүр», – деді Аморим UtdDistrict басылымына берген сұхбатында.

Коби Мэйну осы маусымда жалпы сегіз рет алаңға шығып, бір нәтижелі пас берген. Сондай-ақ, «қызыл жындар» сенбі күні «Тоттенхэмге» қарсы алаңға шығады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Рубен Аморим Коби Майнудың аз ойнау себебін түсіндірді