date

Жорже Мендеш: Ямал туралы әңгімелерді түсінбеймін

Жорже Мендеш: Ямал айналасындағы әңгімелерді түсінбеймін
Агент Жорже Мендеш Ламин Ямал туралы бұқаралық ақпарат құралдарында толассыз айтылып жатқан әңгімелерге пікір білдірді. Биылғы маусым басынан бері БАҚ-та 18 жастағы футболшының жеке өмірі мен жарақаттары оның «Барселона» мен Испания құрамасындағы ойындарынан гөрі көбірек талқылануда.

Көптеген мамандардың пікірінше, вингердің алаңнан тыс мінез-құлқы оның кәсіби дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. «Мен Ямал айналасындағы бұл дабыраны түсінбеймін.

Ол алаңда да, алаңнан тыс та не істеу керектігін өте жақсы біледі», – деді Мендеш Barca Universal басылымы арқылы. Ламин Ямал биылғы маусым «Барселона» сапында 10 ойында алаңға шығып, 5 гол соғып, дәл сондай голдық пас берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Жорже Мендеш: Ямал туралы әңгімелерді түсінбеймін