
«Барселона» клубы жас талант иесі Ламин Ямалдың денсаулығына қатысты мәселені шешумен айналысуда. Биылғы маусымда 18 жастағы вингер пубалгияға байланысты мәселелерден зардап шегуде, бұл оған физикалық жүктемелерді еңсеруде қиындық туғызуда.
Diario Sport-тың хабарлауынша, Каталония клубы бұл мәселелі шешу үшін доктор Лассе Лемпайненмен байланысқан. Бастапқыда «көк-анар түстілердің» жұлдызына хирургиялық операция қажет болуы мүмкін деп болжанған еді, бірақ Ямал операциядан қашуға үміттенуде.
Ағымдағы маусымда Ламин Ямал барлық жарыстар аясында Ханс-Дитер Флик басшылығындағы команда құрамында 10 ойынға қатысып, 5 гол мен 5 нәтижелі пас авторы атанған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар