
Италия А Сериясында қазан айының қорытындысы бойынша ең үздік жаттықтырушы анықталды. Бұл марапатты "Рома" командасын басқарып жүрген Жан Пьеро Гаспериниге табыстады.
Өткен айда "Рома" Италия чемпионатында төрт кездесу өткізді. Гасперинидің командасы "Фиорентина"ны (2:1), "Сассуоло"ны (1:0) және "Парма"ны (2:1) жеңді, алайда "Интерге" (0:1) есе жіберді.
Қазіргі кезде "Рома" А Серия турнир кестесінде төртінші орында орналасқан. Команда Гасперини басшылығында көшбасшы "Наполи"-ден бар болғаны бір ұпайға қалып отыр.
Турнир кестесінің жоғарғы бөлігі өте тартысты. "Рома"-ның келесі ойыны 9-қараша күні өз алаңында "Удинезеге" қарсы өтеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз