
Монаконың бас бапкері Себастьен Поконьоли команданың жартылай қорғаушысы Поль Погбаның жарақаттан қашан оралатынына қатысты пікір білдірді. "Поль "Лансқа" қарсы өтетін келесі матчта қатыспайды.
Оның қайтуы ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты үзілістен кейін күтілуде. Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр.
Біз оның жаттығулардағы белсенділігін қадағалауды жалғастырамыз", - деп бапкердің сөзін келтіреді Footmercato. Еске салсақ, Погба қазан айының соңында өткен жаттығулар кезінде жарақат алған болатын.
32 жастағы жартылай қорғаушы биыл жазда Монако клубына екі жылдық келісімшарт негізінде қосылған. Осы маусымда Погба Монако сапында бірде-бір ойын өткізген жоқ.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар