date

Карлосе Форбеш Португалия құрамасына шақырылды


21 жастағы "Брюгге" вингері Карлос Форбеш өзінің мансабында алғаш рет Португалия құрамасына шақырылды. Бұл шешім футболшының Чемпиондар Лигасы аясында "Барселонаға" қарсы ойындағы жарқын өнерінен кейін қабылданды.

Аталған кездесуде (3:3) Форбеш екі рет гол соғып, тағы бір голға ассистент болды. Айта кетейік, Португалия құрамасы қараша айындағы халықаралық үзілісте 13 қараша күні қонақта Ирландия құрамасына қарсы алаңға шығады.

16 қараша күні "еуропалық бразилиялықтар" өз алаңында Армения құрамасымен кездеседі. Португалия құрамасы іріктеу тобында 10 ұпаймен көш бастап тұр.

Екінші орынмен ара қашықтық бес ұпайды құрайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Карлосе Форбеш Португалия құрамасына шақырылды