
Мадридтің "Реал" клубының жартылай қорғаушысы Арда Гюлер командасының қазан айындағы ең үздік футболшысы деп танылды. Бұл туралы "Патшалық клубтың" баспасөз қызметі хабарлады.
20 жастағы футболшы өткен айда барлық жарыстарда командасы сапында төрт ойында өнер көрсетіп, бір нәтижелі пас берген. Жалпы, түрік футболшысы осы маусымда 15 ойында алаңға шығып, 3 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.
11-турдан кейін "Реал" Испания чемпионатының турнир кестесінде бірінші орында келеді және қоржынында 30 ұпай бар. Команда "Барселонадан" бес ұпайға алда.
"Реал" 9 қараша күні қонақта "Райо Вальеканоға" қарсы матч өткізеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар