
Праганың "Славия" командасының бас бапкері Индржих Трпишовский Англия Премьер-лигасы (АПЛ) клубтарының қызығушылықтарының ортасында. Бұл туралы журналист Руди Галетти хабарлайды.
Дереккөздерге қарағанда, ағылшын футбол клубтары 49 жастағы чех маманының тотальды прессингке негізделген ойын стиліне таңқалған. Трпишовский мен "Славия" арасындағы еңбек келісім-шарты осы маусым соңында аяқталады.
Сондықтан әртүрлі командалар бапкердің болашағына қатысты оқиғаларды жіті бақылап отыр. Қазіргі кезде "Славия" Чехия чемпионатының турнир кестесінде көш бастап тұр.
Команда 14 турдан кейін 30 ұпай жинаған және әлі бірде-бір жеңіліске ұшыраған жоқ.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар