date

Пеп Гвардиола бапкерлік мансабындағы 1000-ойынын атап өтеді

Пеп Гвардиола бапкерлік мансабындағы 1000-ойынын атап өтеді
Жексенбі күні өтетін “Манчестер Сити” мен “Ливерпуль” арасындағы кездесу Пеп Гвардиола үшін бапкерлік мансабындағы 1000-ойын болмақ. Каталониялық маман 18 жылдық еңбегінің нәтижесінде осындай белеске жеткеніне мақтанатынын айтты. Оның сөзінше, “Барселона Б” командасында жұмысты бастағанда бұл деңгейге жетемін деп ойламаған.

«Бапкер ретінде 1000 ойын өткізу — үлкен құрмет. Мен тек өз жұмысымды адал орындап, командаммен дұрыс футбол ойнағым келді», — деді Гвардиола. Ол өз мансабы барысында “Барселона”, “Бавария” және “Манчестер Сити” клубтарында жұмыс істеп, әрқашан толық қолдауды сезінгенін атап өтті.

Гвардиола сондай-ақ жылдар бойы бірге істеген әріптестеріне, ойыншыларына және клуб қызметкерлеріне алғыс білдірді. «Барлығына рахмет айтқым келеді. Ең үлкен алғысым — отбасымa. Олар әрқашан маған сеніп, қолдап отырды», — деді ол.

Пеп Гвардиола қазіргі футболдың ең табысты бапкерлерінің бірі болып саналады. Ол мансабы барысында көптеген ұлттық және халықаралық жүлделерге ие болып, қазір “Манчестер Сити” клубымен жаңа ірі жетістіктерге жетуге ұмтылуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Пеп Гвардиола бапкерлік мансабындағы 1000-ойынын атап өтеді