date

Бавария Ливерпуль футболшысымен келіссөз бастады

Бавария Ливерпуль футболшысымен келіссөз бастады
Ливерпульдің орталық қорғаушысы Ибраима Конате Германия Бундеслигасына қайта оралуы мүмкін. BILD басылымының хабарлауынша, Мюнхеннің Бавария клубы Конатенің агенттерімен келіссөздерді бастаған және футболшыны Германияға алып келуді көздеп отыр.

Француз футболшысы бұған дейін РБ Лейпциг құрамында өнер көрсеткен болатын. Сонымен қатар, Бавария Кристал Пэлас қорғаушысы Марк Гехиге де қызығушылық танытып отыр.

Гехи мен Конатенің екеуі де келесі жазда еркін агентке айналады деп күтілуде. Қазіргі таңда бұл екі қорғаушыға да көптеген ірі клубтар назар аударып отыр, себебі ірі командалардың орталық қорғаныс шебінде мәселелер бар.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Бавария Ливерпуль футболшысымен келіссөз бастады