
Levante клубының шабуылшысы Этта Эйон өзінің футболға деген қызығушылықтары туралы айтып берді. 22 жастағы камеруниялық футболшы осы маусымда керемет ойын көрсетуде және ол қазірдің өзінде Испания мен шетелдік топ-клубтармен байланысуда.
"Бала күнімде Дрогбаның арқасында Челсидің ойынын бақылап жүретінмін, кейіннен бұл командада Это'О да ойнады. Бұл клубта әрдайым керемет африкалық футболшылар болатын.
Неге бір күні мен де Челсиге өтпеймін? Мен сол жерде ойнауды армандаймын, дегенмен Англияда басқа да мықты командалар көп", – деді Эйон журналист Бен Джейкобске берген сұхбатында.
Levante шабуылшысы ағымдағы Ла Лига маусымында 12 ойында 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Эйонға Челси, Арсенал, Манчестер Юнайтед, Барселона және басқа да ірі клубтардың қызығушылық танытып отырғаны айтылуда.
Ла Лига жұлдызы Челсиде ойнауды армандайды
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар