date

Майк Меньян "Челси"-ге өтуі мүмкін


"Милан" қақпашысы Майк Меньян келесі маусымда қандай клубта ойнағысы келетінін анықтады. Gazzetta dello Sport-тың мәліметінше, 30 жастағы француз футболшысы "Миланмен" келісімшарты аяқталған соң, Лондонның "Челси" клубына өтуге шешім қабылдаған.

Сонымен қатар, Меньян "Бавария" мен "Ювентустан" келуі мүмкін ұсыныстарды қарастыруға да ашық екенін жеткізген. Майк Меньян "ПСЖ" футбол мектебінің тәрбиеленушісі болып табылады.

Ол 2021 жылдан бері "Миланның" намысын қорғап келеді. Ағымдағы маусымда қақпашы барлық жарыстарда 12 кездесуге қатысып, 9 гол жіберіп алған және 6 ойын барысында қақпасын аман сақтап қалған.

Меньянның "Миланмен" жасасқан еңбек келісімшарты келесі жазда аяқталады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Майк Меньян "Челси"-ге өтуі мүмкін