Байердің ғасырдағы ең ірі жеңісі

Байердің ғасырдағы ең ірі жеңісі
Германия чемпионатының 10-тур матчтары жалғасуда. Леверкузеннің "Байер" клубы "Хайденхаймға" қарсы ойында 6:0 есебімен ірі жеңіске жетті.

Бұл нәтиже Байердің 21-ғасырдағы Бундеслига аясында тіркелген ең ірі жеңісі болды. Байер бұдан үлкенірек айырмашылықпен соңғы рет 2000 жылдың наурыз айында "Улм" клубын 9:1 есебімен жеңген еді.

Келесі турда Байер 22 қараша күні қонақта "Вольфсбургке" қарсы ойынын өткізеді. Қазіргі уақытта клуб Германия чемпионаты турнир кестесінде төртінші орында тұр.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар