date

Адам Уортон МЮ қызығушылығына пікір білдірді


Кристал Пэлас жартылай қорғаушысы Адам Уортон өзінің Манчестер Юнайтедке ықтималды ауысуы жайлы пікірін білдірді. "Бұл хабарларды кім таратып жатқанын білмеймін.

Манчестер Юнайтед басқа ірі командалар сияқты 10-20 футболшыны бақылап отырады. Егер мен солардың бірі болсам, бұл аса үлкен жаңалық емес.

Менің міндетім – алаңда өз шеберлігімді дәлелдеу", – дейді Уортон The Athletic басылымына берген сұхбатында. Биылғы маусымда 21 жастағы жартылай қорғаушы барлық жарыстарда 14 кездесуге қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Уортонның Кристал Пэлас командасымен келісімшарты 2029 жылдың ортасына дейін жарамды. Transfermarkt мәліметтері бойынша, футболшының трансферлік құны 60 миллион еуроны құрайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Адам Уортон МЮ қызығушылығына пікір білдірді