date

16-0: Жасөспірімдер әлем чемпионатында голдар нөсері және сенсациялық нәтижелер

16-0: Жасөспірімдер әлем чемпионатында голдар нөсері және сенсациялық нәтижелер

Қатарда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының 3-тур ойындары қызу басталды. Бірқатар құрамалар келесі кезең мәселесін шешсе, кейбір елдер әлі де плей-оффқа шығу үшін күресті жалғастыруда.

А тобында Италия жастары тағы да өз күштерін көрсетті. Олар Оңтүстік Африка Республикасына қарсы ойында 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша италиялықтар топта 9 ұпай жинап, 100 пайыздық нәтижемен келесі кезеңге бірінші болып жолдама алды.

Италия - ЖАР 3:1

Голдар: Инасио (4, 58), Арена (55) - Элс (32).

Топтың екінші кездесуінде Қатар Боливиямен 0:0 есебімен тең ойнады. Бұл нәтижемен алаң иелері плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылып қалды және енді тек басқа топтардағы нәтижелерге үміттенеді.

Катар - Боливия 0:0

В тобындағы ең үлкен интрига Жапония мен Португалия арасында өтті. Самурайлар екінші таймдағы дәл соққылар арқылы қарсыластарын 2:1 есебімен жеңіп, көшбасшы ретінде келесі кезеңге өтті. Ал Португалия 6 ұпаймен екінші орынға жайғасты.

Португалия - Жапония 1:2

Голдар: Зеега (80) - Ваада (35), Сегучи (45).

Топтың екінші кездесуінде Марокко Жаңа Каледония қақпасына нағыз гол жаудырды - 16:0. Африкалық жастар 80 соққымен тарихтағы ең ірі есептердің бірін тіркеп, үздік үшінші орын иелерінің қатарында плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Марокко - Жаңа Каледония 16:0

Голдар: Сукрат (3), Ибн Салах (11, 18), Эддауди (41, 42), Хидауи (44), Баха (45+2, 50), Аль Халфиуи (48), Хаддани (56, 59), Узане (73, 90+2), Эндрю (76, автогол), Аль Ауд (80, 90)

С тобында Сенегал жасөспірімдері өз сөзін айтты. Олар БАӘ қақпасына 5 рет гол соғып, мықты ойын көрсетті. Сонко хет-трик жасап, командасының басты кейіпкеріне айналды.

БАӘ - Сенегал 0:5

Голдар: Сиссе (14, пенальти), Сонко (19, 41, 60), Менди (74).

Осы топта Хорватия да Коста-Риканы 3:1 есебімен жеңіп, 7 ұпаймен келесі кезеңге жолдама алды.

Хорватия - Коста-Рика 3:1

Голдар: Радос (36), Кумар (55), Кусанович (89) - Кордеро (58).

D тобында Оңтүстік Америка гранд Аргентина Фиджиге қарсы матчта нағыз шеберлік сабағын көрсетті. Бұл кездесу 7:0 есебімен аяқталды. Аргентиналық Ожеда хет-трик жасады, ал Мартинес пен Сильвейра командалық есепті мінсіз нәтижеге жеткізді. Осылайша Аргентина 9 ұпаймен топта көш бастап, плей-оффқа шықты.

Фиджи - Аргентина 0:7

Голдар: Ожеда (17, 57, 88), Мартинес (30, 44), Сильвейра (89), Фоу (90+1, автогол).

Бельгия болса Тунисті 2:0 есебімен жеңіп, 6 ұпаймен екінші орынды нығайтты.

Бельгия - Тунис 2:0

Голдар: Фернандес (1), Камара (55).

Әлем чемпионатында әзірге 8 команда - Италия, Жапония, Аргентина, Сенегал, АҚШ, Португалия, Австрия және Бразилия келесі кезеңге жолдама алды. Қалған топтардағы ойындардың нәтижесі ширек финал алдындағы интриганы одан әрі күшейтеді деп күтілуде.

Жастар әлеміндегі әрбір ойын тек голдарға ғана емес, жаңа есімдер мен болашақ жұлдыздарына да бай болуда - дәл осы жайт оның маңыздылығын арттыра түседі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » 16-0: Жасөспірімдер әлем чемпионатында голдар нөсері және сенсациялық нәтижелер