date

Ламин Ямал Ла Лигада 14 командаға гол соқты

Ламин Ямал Ла Лигада 14 командаға гол соқты
«Барселона» вингері Ламин Ямал Ла Лига аясында «Сельта» командасына қарсы ойында гол соқты. 18 жастағы футболшы үзіліс алдында есепті 3:2 етіп, «көк-гранаттықтардың» жеңісіне үлес қосты.

Barca Universal мәліметінше, Ямал Ла Лигада кездескен 18 команданың 14-іне гол соға алған. Алайда ол әлі «Севилья», «Алавес», «Хетафе» және «Леванте» қақпасына гол соға алған жоқ.

Сонымен қатар, белгілі болғандай, «Сельта» мен «Барселона» арасындағы матчтың екінші таймы қазіргі уақытта жалғасуда. Ламин Ямал ағымдағы маусымда Испания чемпионаты аясында сегіз ойында 4 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Ламин Ямал Ла Лигада 14 командаға гол соқты