date

Страмаччони: "Интер" жаңа қақпашы туралы ойлауы керек

Страмаччони: "Интер" жаңа қақпашы туралы ойлануы керек
Миланның "Интер" клубының бұрынғы бас бапкері Андреа Страмаччонидің пікірінше, команда жаңа қақпашы туралы ойлана бастауы керек. Оның айтуынша, Янник Зоммер жасының себебінен негізгі қақпашы ретінде ұзақ уақыт бойы ойнауы мүмкін емес.

"Зоммер осы маусымды негізгі қақпашы ретінде аяқтауы мүмкін, бұл жағынан ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын. Бірақ болашақ үшін, әсіресе келесі маусым үшін "Интер" жаңа негізгі қақпашы туралы ойлануы керек", – дейді Страмаччони fcinter1908.it басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Янник Зоммер өткен жылы "Интер" құрамына қосылған болатын. Бұған дейін швейцариялық қақпашы негізінен Германияда – Мёнхенгладбахтың "Боруссия" және Мюнхеннің "Бавария" клубтарында ойнаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Страмаччони: "Интер" жаңа қақпашы туралы ойлауы керек