
Римнің "Лацио" командасы А Сериясының 11-турында сырт алаңда Миланның "Интер" клубына 0:2 есебімен жол берді. Римдіктердің қорғаушысы Лука Пеллегрини бұл жеңілісті әділ деп есептейді.
Оның айтуынша, "Интер" Еуропадағы ең жақсы үш клубтың бірі әрі Италияда ең мықтысы болып саналады. "Интер" — Италиядағы ең мықты клуб және Еуропадағы ең жақсы үштікке кіреді.
Ойынның алғашқы екі минутында-ақ гол өткізіп алдық. Бұл жеңілістен қажетті қорытындылар жасауға тырысамыз", - деп Пеллегринидің сөзін fcinter1908.it келтіреді.
Келесі турда "Лацио" өз алаңында "Лечче" клубын қабылдайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз