date

«Лацио» соңғы минутта жеңілістен құтылды: голдар жаңбырдай жауды

«Лацио» соңғы минутта жеңілістен құтылды: голдар жаңбырдай жауды...

Италия А сериясының 34-турын түйіндеген матч нағыз драмалық сценарий бойынша өтті. Римдегі «Олимпико» стадионында «Лацио» мен «Удинезе» арасындағы кездесу голдарға толы болып, 3:3 есебімен тең аяқталды.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қонақтар бастаманы қолға алды. 18-минутта Эхизибуэ есеп ашып, «Удинезені» алға шығарды.

Екінші таймда «Лацио» жауап қайтарды — 50-минутта Пеллегрини таразы басын теңестірді.

Бұдан кейін ойын ашық әрі шабуылдаушы сипатта жалғасты. 80-минутта Педро алаң иелерін алға шығарды.

Алайда «Удинезе» берілмеді: Атта 86-минутта есепті теңестірсе, 90+3-минутта тағы бір гол соғып, командасын жеңіске жақындатты.

Бірақ драманың шарықтау шегі әлі алда еді. 90+5-минутта қосалқы құрамнан алаңға шыққан Мальдини дәл соққымен «Лационы» жеңілістен құтқарып, кездесудің нүктесін қойды.

А сериясы.

34-тур
Лацио — Удинезе 3:3
28 сәуір, «Олимпико»
Голдар: Пеллегрини (50), Педро (80), Мальдини (90+5) — Эхизибуэ (18), Атта (86, 90+3).
Лацио — Мотта, Лаццари, Романьоли, Провстгаард, Пеллегрини (Тавареш, 84), Башич, Патрик, Тейлор (Деле-Баширу, 61), Канчельери (Исаксен, 65), Диа (Педро, 61), Нослин (Мальдини, 76).
Удинезе — Окойе, Кристенсен, Кабаселе (Саррага, 82), Соле, Эхизибуэ (Байо, 82), Петровский (Миллер, 65), Атта, Камара (Арисала, 82), Дзаньоло, Эккеленкамп (Букса, 69), Гюе.
Ескертулер: Канчельери (41), Пеллегрини (57), Саррага (90), Патрик (90+7).

Бұл нәтижеден кейін Сарри командасы ұпай санын 48-ге жеткізіп, турнир кестесінде 8-орынға көтерілді. «Удинезе» болса 44 ұпаймен 11-орында қалды.

Қысқаша айтқанда, бұл ойын — эмоция, интрига және камбэктің толық жиынтығы болды. Футбол осындай болуы керек шығар.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Лацио» соңғы минутта жеңілістен құтылды: голдар жаңбырдай жауды