date

Ливерпуль бапкері жоққа шығарылған голға таң қалды

Ливерпуль бапкері жоққа шығарылған голға таңданды
Ливерпуль бас бапкері Арне Слот АПЛ-дың 11-турында Манчестер Ситиге қарсы ойында (0:3) Вирджил ван Дейктің голының жоққа шығарылған жағдайына қатысты пікір білдірді. "Меніңше, голдың жоққа шығарылуы қате шешім.

Бұл мен үшін таза гол еді. Ойыннан кейін маған өткен маусымда Манчестер Ситидің Вулверхэмптонға соққан голымен ұқсас жағдайды көрсетті.

Жағдайлар дерлік бірдей. Мені таңдандырғаны, бүйірдегі төрешінің байрағын гол соғылғаннан кейін 14 секунд өткенде көтергені", - деді Слот ойыннан соң.

Ливерпуль командасы қазір 18 ұпаймен АПЛ турнир кестесінде сегізінші орында тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Ливерпуль бапкері жоққа шығарылған голға таң қалды