
Барселона шабуылшысы Роберт Левандовски Ла Лига сұрмергендер жарысында өз орнын нығайтты. Ол "Сельта"ға қарсы өткен ойында (4:2) хет-трик жасап, матчтың 10, 37 және 73-минуттарында гол соқты.
37 жастағы поляк футболшысының қазіргі Испания чемпионатындағы голдары саны енді жеті болып, ол Атлетико шабуылшысы Хулиан Альвареспен екінші орынды бөлісуде. Тек қана "Реал" Мадрид жұлдызы Килиан Мбаппе 13 голмен олардан алда.
Жексенбі күні үш гол соққан Левандовски, "Барселона"дағы әріптестері Ламин Ямал (4) және Ферран Торрес (5), сонымен қатар "Реал" өкілі Винисиус Жуниор (5), "Леванте"ден Этта Эйонг және "Мальорка" шабуылшысы Ведат Мурикилерді (6 голдан) артта қалдырды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз