
Барселона вингері Маркус Рэшфорд Ла Лиганың 12-турында Сельтаға қарсы ойында нәтижелі пас берді. Ағылшын футболшысы 37-минутта Роберт Левандовскиге голдық пас берді.
Рэшфордтың осы маусымдағы Ла Лигадағы ассисттер саны беске жетті және ол Реал Мадридтің жартылай қорғаушысы Арда Гүлермен екінші орынды бөлісіп тұр. Рейтингте тек Хетафе ойыншысы Луис Милла одан жоғары, оның есебінде алты ассист бар.
Маркус Рэшфорд өткен жазда Манчестер Юнайтедтен Барселонаға жалға өткен еді. 28 жастағы футболшы Ла Лигада екі рет гол соғуға да қол жеткізген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз