Рубен Диаш: "Мұндай жетістіктен жоғары ештеңе жоқ"

Рубен Диаш: "Мұндай жетістіктен жоғары ештеңе жоқ"

Рубен Диас: "Мұндай жетістіктен жоғары ештеңе жоқ"
“Манчестер Сити” қорғаушысы Рубен Диас Англия чемпионатының 11-турында “Ливерпульді” жеңгеннен кейін команда бас бапкері Хосеп Гвардиола туралы өз ойларын айтты. Кездесу 9 қарашада "қалалықтардың" стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды.

Бұл ойын Гвардиоланың кәсіби бапкерлік мансабындағы 1000-кездесу болды. - Әрине, ол үшін өте қуаныштымын.

Біз осындай жетістіктер үшін өмір сүреміз. Мұндай деңгейден жоғары ештеңе жоқ, - деді футболшы ойыннан кейін.

Гвардиола командасы қазіргі уақытта 22 ұпай жинап, Англия чемпионатының кестесінде екінші орында тұр. Ал көшбасшылықты 26 ұпаймен Лондонның “Арсенал” клубы иеленіп тұр.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар