
Мадридтің "Реал" клубы Ла Лиганың 12-турында "Райо Вальекано" құрамасына қарсы ойында (0:0) жеңіске жете алмады. "Корольдік клуб" осы матчта негізгі фаворит ретінде алаңға шыққанымен, қарсыластан басымдықты көрсете алмады.
Ойыннан кейін баспасөзде Хаби Алонсоның қызметіне наразылық туралы әңгімелер қайта үдей түсті. Marca басылымының хабарлауынша, "Реал" басшылығы испан маманының ойын стиліне қанағаттанбайтынын білдіруде.
Хаби Алонсо жазғы маусымда Карло Анчелоттидің орнын басқан еді. Соған қарамастан, Мадрид клубы әлі де Испания чемпионатының кестесінде үш ұпай айырмашылықпен "Барселонадан" алда көш бастап тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар