
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовский «Сельтаға» қарсы ойында хет-трик жасап, тағы да өз шеберлігін көрсетуді жалғастырды. 37 жастағы футболшы қазіргі Ла Лига маусымында 9 ойында жалпы 7 гол соғуға жетті.
Ол әр 64 минутта бір рет қарсылас қақпасына гол соғып жатыр. Бұл туралы Barca Universal хабарлайды.
Айта кетсек, бұл көрсеткіш бойынша Левандовский тіпті чемпионаттың үздік бомбардирі Килиан Мбаппені де артта қалдырған. Мбаппе әр 81 минутта гол соғуда.
Сондай-ақ, поляк шабуылшысы тек бір рет пенальтиден гол соққан болса, «Реал» ойыншысы үш рет пенальтиден пайдаланып доп енгізген. Ла Лига бомбардирлер тізімінде Мбаппе 13 голмен көш бастап тұр.
Ал Левандовский «Атлетико Мадрид» клубының мүшесі Хулиан Альвареспен бірге 2-орынды бөлісіп тұр.
Левандовски Ла Лигада әр 64 минутта гол соғуда
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар