date

Паоло Каннаваро Пескараны басқаруы мүмкін


Италияның "Пескара" клубы бас бапкерін отставкаға жібергені туралы бұған дейін хабарланған болатын. Енді клуб басшылығы команданы басқаруға келісетін жаңа маманды іздеп жатыр.

Негізгі үміткер ретінде "Наполи" клубының бұрынғы футболшысы Паоло Каннавароны қарастыруда. "Дельфиндер" басшылығының Каннаваромен байланысы жайлы белгілі италиялық журналист Николо Скира мәлімдеді.

Сонымен қатар Франческо Модесто мен Джорджо Горгоне секілді мамандар да талқылануда. "Пескара" соңғы рет 2016/2017 маусымында Италия жоғары лигасы – А Сериясына қатысқан.

Қазіргі кезде команда Б Сериясында өнер көрсетуде.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Паоло Каннаваро Пескараны басқаруы мүмкін