date

Тухель Беллингемнің Англия құрамасына оралуы туралы пікір білдірді


Англия құрамасының бас бапкері Томас Тухель жартылай қорғаушы Джуд Беллингемнің командаға қайтуы туралы пікір білдірді. Беллингем ағылшын құрамасы сапында соңғы рет маусым айында ойнаған болатын.

Қыркүйек айында ол иығындағы мәселелерге байланысты жазда өткен операциядан кейін дайын болмады, қазан айында "Реалдың" жартылай қорғаушысы Тухельдің шешімімен шақырылған жоқ. "Мен қуаныштымын, Беллингем қайта оралды.

Қазір ол 'онінші нөмір' рөлінде ойнайды. Меніңше, бұл – оның ең қолайлы позициясы.

Оның ең мықты жақтарының бірі – осы позициядан гол соғу қабілеті. Ол 'тоғызыншы нөмір' сынды тек гол соғып қана қоймай, сонымен қатар, нәтижелі пас та береді.

Бұл 'оншы нөмір' үшін сирек кездесетін жағдай. Бұл оңай көрінуі мүмкін, бірақ қажет сәтте дұрыс орынды алу – қиын", – деді Тухель Daily Express басылымына берген сұхбатында.

Англия құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алып үлгерді. Тухельдің командасы іріктеу турнирінде қалған екі ойындарын 13 қараша күні Сербиямен және 16 қараша күні Албаниямен өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Тухель Беллингемнің Англия құрамасына оралуы туралы пікір білдірді