date

Фермин Лопес АПЛ-ға ауысуы мүмкін


Жартылай қорғаушы Фермин Лопес Англияда өз мансабын жалғастыруы мүмкін. Transfer News Live басылымы Mundo Deportivo ақпаратына сүйеніп хабарлауынша, 22 жастағы Лопесті "Сандерленд" өз құрамына қосуды жоспарлауда.

"Сандерлендтің" Лопес үшін 80 миллион еуро төлеуге дайын екені айтылуда. Команда биылғы маусымда күтпеген нәтижелер көрсетіп жатыр – 11 турдан кейін олар Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде төртінші орында тұр.

"Қара мысықтар" көшбасшы "Арсеналдан" бар болғаны жеті ұпайға артта қалуда. 2025/2026 жылғы маусымда Лопес 11 ойынға қатысып, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Фермин Лопес АПЛ-ға ауысуы мүмкін