date

Риччи: "Модрич қарапайым әрі еңбекқор"


Италияның "Милан" клубының жартылай қорғаушысы Самуэле Риччи Хорватия ұлттық құрамасы және "Реал Мадрид"тің бұрынғы ойыншысы Лука Модрич туралы пікір білдірді. Модрич жазғы трансфер кезеңінде "Реалдан" Италияның А сериясына ауысты.

"Лука - менің мансабымда кездестірген ең мықты футболшы. Оның ойын сапасымен қатар адами қасиеттері, мысалы, қарапайымдылығы мен еңбекқорлығы мені тәнті етті.

Мен одан көп нәрсе үйренуге тырысамын", – деді Риччи pianetamilan.it сайтына берген сұхбатында. Еске сала кетейік, 24 жастағы Самуэле Риччи бұған дейін "Торино" командасында ойнаған, бірақ осы жазда "Милан" клубына ауысты.

Қазіргі уақытта "Милан" А сериясының турнир кестесінде үшінші орынды иеленіп тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Риччи: "Модрич қарапайым әрі еңбекқор"