date

Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионаты жайлы айтты


40 жастағы Сауд Арабиясының "Аль-Наср" клубының шабуылшысы және Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы жазда өтетін келесі Әлем чемпионаты жайлы пікір білдірді. "Бұл менің соңғы Әлем чемпионатым ба?

Әрине, бұл чемпионат менің соңғысы болады, себебі турнир кезінде мен 41 жаста боламын. Осы сәттен барынша ләззат алуды жоспарлап отырмын", — деп Роналдудың сөздерін келтіреді "Mundo Deportivo" басылымы.

Айта кетейік, Әлем чемпионаты Солтүстік Америка құрлығында өтеді. Турнирді АҚШ, Канада және Мексика қабылдайды.

Криштиану Роналду Португалия құрамасының сапында 225 матчқа қатысқан. Ол 143 гол соғып, 46 нәтижелі пас берген.

Футболшы ұлттық құрамада 2003 жылдың жазынан бері ойнап келеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионаты жайлы айтты