date

Анчелотти Энриктың ӘЧ-2026-дағы мүмкіндіктерін бағалады


Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти "Реал" шабуылшысы Эндриктің 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін арттыруы үшін қандай қадамдар жасауы керектігі туралы айтты. "Біз маусым басында, оның жарақаттан қалпына келуі кезінде сөйлескен болатынбыз.

Қазіргі уақытта ол ойынға дайын және өз маңындағы адамдармен бірге өз дамуы үшін оңтайлы жолды таңдауы қажет. Эндрик өте дарынды және әлі жас.

Ол алдағы бірнеше Әлем чемпионаттарына қатысуы мүмкін. Дегенмен жақында өтетін турнир үшін ол тұрақты ойнап, өз деңгейін көрсетуі керек", – деді Анчелотти Placar басылымына берген сұхбатында.

19 жастағы шабуылшы ағымдағы маусымда "Реал" құрамында тек бір ойынға шығып, матч соңында қосалқы құрамнан ойнауға мүмкіндік алған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Анчелотти Энриктың ӘЧ-2026-дағы мүмкіндіктерін бағалады