date

Бұрынғы жұлдыздың ұлы жаңа командасында көзге түсті

Бұрынғы жұлдыздың ұлы жаңа командасында жарқ етті
«Манчестер Юнайтед» командасының бұрынғы жұлдызы Ники Баттың ұлы Рубен жаңа командасы «Солфорд Сити» құрамында алғашқы кездесуінде екі гол соғып, ерекше дебют жасады. Қазіргі таңда 18 жастағы Рубеннің бұл жетістігі футбол мамандарын таңғалдырды.

Қызығы, Рубен дәл әкесі иелік ететін командада ойнап жатыр. Бір жыл бұрын, яғни 2024 жылғы қараша айында Ники Бат «Манчестер Юнайтедтің» басқа бірқатар бұрынғы ойыншыларымен бірге «Солфорд» командасын сатып алған болатын.

Рубен әкесіндей табысты футболшы болуды мақсат етіп қойған. Ники Бат өз заманында «Манчестер Юнайтед», «Ньюкасл» және «Бирмингем» командалары сапында жалпы 411 ойын өткізіп, Англия ұлттық құрамасы құрамында 39 рет алаңға шыққан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Бұрынғы жұлдыздың ұлы жаңа командасында көзге түсті