
Каталонияның "Барселона" клубының бұрынғы шабуылшысы Лионель Мессидің құрметіне ескерткіш қою жоспарлануда. Бұл туралы "көк-гранаталықтар" президенті Жоан Лапорта мәлімдеді.
"Біз ескерткіш жобасын дайындап жатырмыз. Леоның отбасымен кеңесеміз.
Егер келісім алсақ, іске кірісеміз. Месси "Барселонамен" мәңгілік байланыста.
Біздің есігіміз оған әрдайым ашық. Біз оны аса құрметтейміз, сондықтан оны клуб аңыздарының қатарында көргіміз келеді", – деді Лапорта.
Месси Каталония клубының академиясында тәрбиеленген. Ол "көк-гранаталықтардың" негізгі құрамында 2005 жылдан 2021 жылға дейін ойнаған.
Қазіргі уақытта шабуылшы АҚШ-тың "Интер Майами" командасында өнер көрсетіп жүр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.