Барселона Германия қорғаушысын сатып алуды жоспарлауда

Дортмундтың "Боруссия" командасы және Германия ұлттық құрамасының қорғаушысы Нико Шлоттербек Испания чемпионатына өтуі мүмкін. Бұл туралы Mundo Deportivo басылымы хабарлады.
Дерекке сәйкес, 25 жастағы неміс футболшысына "Барселона" клубы қызығушылық танытып отыр. Трансфер құны шамамен 40 миллион еуроға бағаланды.
Шлоттербек "аралар" командасымен 2027 жылдың маусым айына дейін келісімшарт жасаған. Қазіргі Бундеслигада қорғаушы алты ойынға қатысып, бір нәтижелі пас беруге қол жеткізді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз