Левандовски АПЛ грандынен ұсыныс алды

Левандовски АПЛ грандынен ұсыныс алды
Барселонаның тәжірибелі шабуылшысы Роберт Левандовский мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін. Ақпараттарға сәйкес, 37 жастағы футболшыға Англияның жетекші командаларының бірі бір жылдық келісімшарт ұсынған.

Әзірге бұл ұсыныстың егжей-тегжейлері жарияланбаған, бірақ дереккөздер бұл ұсынысты "Манчестер Юнайтед", "Челси" немесе "Тоттенхэм" клубтарының бірі жасауы мүмкін деп болжауда. Левандовский ағымдағы маусымда "Барселона" сапында 12 кездесуде алаңға шығып, 7 гол соғуға қол жеткізген.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар