date

"Ювентус" Влаховичті сатуға дайын

Ювентус Влаховичті сатуға дайын
Сербиялық шабуылшы Душан Влахович әлі күнге дейін "Ювентус" клубымен келісімшартын ұзартқан жоқ. Бұл туралы журналист Экрем Конур хабарлады.

Мәліметтерге сәйкес, "Ювентус" Влаховичті қысқы трансфер кезеңінде сатуға дайын. Алайда шабуылшының жылына 12 миллион еуро жалақы алуы болашақ трансферге кедергі келтіруі мүмкін.

25 жастағы футболшыға "Барселона", "Бавария", "Манчестер Юнайтед", "Тоттенхэм", Мадридтің "Атлетикосы", "Милан" және "Фенербахче" секілді клубтар қызығушылық танытуда. Ағымдағы маусымда Влахович барлық жарыстарда 15 ойынға қатысып, 6 гол соғып және 1 нәтижелі пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Ювентус" Влаховичті сатуға дайын