date

Мбаппе мен ПСЖ арасындағы қаржылық келіспеушілік...

Мбаппе мен ПСЖ арасындағы қаржылық келіспеушілік...

Килиан Мбаппе мен "ПСЖ" арасындағы тартыс қайта өршіді. Париждік клубтан 2024 жылы еркін агент ретінде кетіп, "Реал Мадрид" сапына қосылған шабуылшының артындағы жанжал әлі шешілген жоқ - керісінше, жаңа айыптаулар мен үлкен талаптармен күшейіп келеді.

Мбаппе клубты өзіне күшті психологиялық қысым көрсетті деп айыптап отыр. Оның айтуынша, 2023 жылы негізгі құрамнан уақытша шеттетілуі жаңа келісімшартқа мәжбүрлеу мақсатында жасалған "жаза" болған. Бұл жағдай футболшының құқықтық талап-арызындағы негізгі тармақтардың бірі ретінде көрсетілген.

17 ноябрьде өткен кезекті сот отырысында шабуылшының париждік клубтан жалпы есеппен 240 миллион еуро төлемақы талап еткені белгілі болды. Оның Еңбек сотына берген талаптары арасында бірқатар ірі сомалар бар:

- салыққа дейінгі 12,6 миллион еуро көлеміндегі ескерту өтемақысы;

- заңсыз жұмыстан шығару ретінде 25 миллион еуро;

- демалысқа 3,6 миллион еуро;

- үш айлық төленбеген жалақы үшін 1 миллион еуро;

- құрамнан негізсіз шеттетілгені үшін 44 миллион еуро.

Сонымен қатар, Мбаппе өзін 2023 жылдың апрель-июнь айлары аралығында төленбеген 17 миллион еуро жалақы, қол қою бонустарының қалған бөлігі ретінде 36,6 миллион еуро, моральдық ынталандыру ретінде 1 миллион еуро және келісімшартпен реттелмеген қосымша жұмыс үшін 37 миллион еуро және психологиялық қысым үшін тағы 37 миллион еуро төлеуді талап етіп отыр. Сонымен қатар, еңбек келісімдері мен қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 18+18 миллион еуро өтемақы сұраған.

Мбаппенің заңгерлік командасы соттан 14,8 миллион еуро салық алдындағы өтемақыны оның "ықтимал жалақысы" ретінде ескеруді талап етіп отыр.

Бірақ жанжал тек Мбаппенің талаптарымен шектелмейді. "ПСЖ" де жауап талап-арызбен шықты - клуб шабуылшыдан 180 миллион еуро көлемінде өтемақы сұрап отыр. Париждіктердің пікірінше, футболшы келісімшарт талаптарын бұзып, клубқа елеулі зиян келтірген.

Әзірге екі тарап шиеленіскен позицияда тұр, ал сот процестері жалғасуда. Жанкүйерлер бір нәрсені жақсы түсінеді: бұл жанжал Еуропадағы ең танымал футболшылар мен ең бай клубтардың бірі арасындағы ең ірі құқықтық қақтығыстардың біріне айналуда.

Килиан өзін дұрыс деп санайды, ал "ПСЖ" өз ұстанымын қорғауда - бұл жанжалдың соңғы нүктесі әлі қойылмаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Мбаппе мен ПСЖ арасындағы қаржылық келіспеушілік...