Польша Мальтаны қиындықпен жеңді

Польша Мальтаны қиындықпен жеңді
Әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің топтық кезеңіндегі соңғы матчта Польша мен Мальта құрамалары өзара кездесіп, Польша құрамасы тартысты жеңіске жетті.

Матчтың 32-ші минутында Пётр Зелинскийдің айып добын орындауынан кейін Роберт Левандовски баспен соққы жасап, қақпаның сол жақ бұрышын дәл көздеп, есеп ашты – 1:0. Алайда, арада төрт минут өткенде Мальта құрамасының шабуылында Ілияс Шуараф допты алыс бағанаға бағыттады, Джозеф Мбонг Эрвин Кардонаға пас шығарды.

Кардонаның алғашқы соққысы қорғаушыдан қайтса да, екінші талпынысында доп қақпаға енді – 1:1. Екінші таймда Левандовски шабуыл барысында айып алаңына кіріп соққы жасады, бірақ доп қақпадан асып кетті.

59-шы минутта Павел Вшолек қақпа алдында соққы жасап, есепті 2:1-ге өзгертті. Кейін Мальта құрамасына пенальти белгіленді – Якуб Кивер өз айып алаңында тәртіп бұзып, Теди Теуманың пенальти соққысы дәл орындалды – 2:2.

85-ші минутта Пётр Зелинский 25 метр қашықтықтан соққы жасап, доп қорғаушыдан рикошетпен қақпаның оң бұрышына енді – 3:2. Осылайша Польша өз есебіне үш ұпай қосып, топта екінші орынға ие болды.

Мальта болса, топтағы соңғы орынды бір жеңіс пен екі тең нәтижемен аяқтады.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар