Нидерланд Литваны ірі есеппен жеңді

Нидерланд Литваны ірі есеппен жеңді
2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы ойынында Нидерланд құрамасы Литваны 4:0 есебімен жеңді. "Қызғылт сарылардың" бас бапкері Рональд Куман ойыннан кейін журналистерге сұхбат берді.

"Біз алғашқы минуттан-ақ соңғысына дейін гол салуға тырыстық. Үзіліске дейін қарсылас қақпасына екі-үш рет доп енгізуіміз керек еді.

Қарсылас қақпасының алдында көптеген мүмкіндік жасадық. Жалпы айтқанда, команда жақсы ойын көрсетті", – деді Куман Ziggo басылымына берген сұхбатында.

Нидерланд өз тобында бірінші орынды иеленіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар